"Қазақ аруы-2024" байқауы
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды оқушы бойына сіңіру, қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік, ұяңдық, кішіпейілділік қасиеттеріне тәрбиелеу, әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге, табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу мақсатында А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 8-10 сынып қыздары арасында "Қазақ аруы-2024" байқауы өтті.