Күз ғажайыптары
Күз - өзінің сұлулығымен әдемі нәрсе жасауға шабыттандыратын тамаша уақыт! Мектебімізде жыл сайын күз тақырыбына көрме ұйымдастыру дәстүрге айналған. «Күз ғажайыптары» тақырыбында күзгі қолөнер және сурет көрмесі өтті. Балалар қолөнер бұйымдарын көкөністерден, бұтақтардан, ағаштардың қабығынан, жидектерден және шөптен жасалған табиғи материалдардан жасап,күз мезгілінің әсем бейнелерінен суреттер салды.