№1 Ұлдар жиналысы
№139 мектеп-гимназиясында 2024.09.24,25 күндері 5-7 сынып ұлдарына "Тәртіпке бас иген құл болмайды"тақырыбында бірыңғай ұлдар жиналысы өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың өзіндік ойлау ерекшелігінің негізгі қағидаларын ашу, түсіндіру. Өмірде жақсы тәртіптен асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, жеке қасиеттерін қалыптастыра білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін түсіндіру.
Оқушыларды демократиялық құндылықтарды құрметтеуге, саяси мәдениетке, саналылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Оқушылардың білімін жетілдіріп, ой-өрісін, қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу. Оқушылардың ойлау жылдамдықтарын талдау.
Жиналыс міндеттері
- оқушыларды жақсы тәртіпке баулу;
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз ойлаудың қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға ынталылық ниетін қалыптастыру;