№4 Сынып жетекшілер әдіс-бірлестігінің отырысы » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №4 Сынып жетекшілер әдіс-бірлестігінің отырысы
29
март
2022

№4 Сынып жетекшілер әдіс-бірлестігінің отырысы

28.03.2022ж күні №4 сынып жетекшілер әдіс-бірлестігінің отырысы өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе болйынша Ж.Қыдырбекова "Ата-аналармен қарым-қатынасты нығайту жолдары" тақырыбында баяндама оқып, қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауап беріп талдау жүргізілді. Екінші мәселе бойынша Г.Оразова "Сабақ үдерісіндегі жағдаяттарды шешу" яғни оның ішінде бағалау бойынша коучинг-семинар жүргізді. Сынып жетекшілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарды талқылады. Семинар тақырыбы ашылды, мұғалімдер семинар бойынша өз  ұсыныстарын, алғыстарын рефлексия тақтасына жазып ілді. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары  К.Жакупова ІІІ тоқсан бойынша өткізілген сынып сағаттарына тоқталып, жетістіктер мен кемшіліктерді атады. Сонымен қатар оқушылардың каникул уақытын тиімді пайдалануын, әдеби шығармалар оқуға, үйірмелерге келіп қатысуын және түнгі рейд күшейтілгенін соған байланысты ата-анамен байланыса отырып баланың түнгі 21:00 ден кейін көшеге шықпауын, қаладан тыс жақтарға тау-тасқа шығып кетпеуін қадағалап отыруын тағыда баса ескертті.  

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: