25 қазан - Республика күні » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 қазан - Республика күні
22
октябрь
2022

25 қазан - Республика күні

 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен "Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды.

Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет  Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Республика күні қайта мерекелер тізіміне қосылып, биыл 25 қазан-Республика күні ерекше қуанышпен, сағынышпен, еліне жеріне деген патриоттық сезіммен тойланды. Біздің де мектеп-гимназиямызда көптеген іс-шаралар өтті.Соның бірі "Қазақстан - кең байтақ республикам менің!" атты мекекелік іс-шара.  Оқушылардың егемен елдің ұрпақтары болғандарына мақтаныш, қуаныш, алғыстары патриоттық ән-шашуларынан, терең ойлы қойылымдарынан көрініс тапты.   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: