Жас ғалымдармен кездесу » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас ғалымдармен кездесу
30
январь
2023

Жас ғалымдармен кездесу

Ғылыми-жаратылыстану пәндерінің онкүндігіне орай 10-11 сынып оқушыларымен "Ғалым болам десеңіз..." атты тақырыпта жас ғалымдармен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: оқушыларды физика, химия және биология ғылымдары саласындағы ғалымдарымен таныстыру, оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын арттыру. Кездесуіміздің қонақтары:

  1. Нурбакова Гулия Серикмухаметовна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ прфессор м.а. "Физика" бойынша халықаралық олимпиадаларға қатысатын Қазақстан құрама командасының жетекшілерінің бірі, 20 жылдық тәжірибелі ұстаз. «ЖОО үздік оқытушысы» номинациясының иегері.
  2. Әбдірахманов Асан Рамазанұлы -Ph.D (физика), инженерлік бейінді зертхана меңгерушісі
  3. Қалекешов Асқар Маралұлы - биологии ғылымдарының кандидаты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану институты, биология бағдарлама көшбасшысы. ҚР ҒЖБМ ҒК Генетика және физиология институты, асқорыту физиологиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері.
  4. Саменова Назира Ораққызы - "Металлургия және кен байыту институты" АҚ, Флотореагенттер және кен байыту зертханасының кіші ғылыми қызметкері, PhD. Әні-мәіні дегенше Жоғары оқу орнының студенті аталғалы отырған оқушылар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, ризашылықтарын білдірді.

   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: