№1 сыныптық ата-аналар жиналысы » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №1 сыныптық ата-аналар жиналысы
13
сентябрь
2022

№1 сыныптық ата-аналар жиналысы

“Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр. Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады деседі, оның біріншісі ата-анадан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан. Бұлардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады-деген екен Абай атамыз. Осы орайда, мектеп-гимназиямызба 8-9 қыркүйек күндері жалпы сыныптық №1 ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналар бір-біріне жылы лебіздерін білдіру арқылы басталып,  “Ата-ананың тәрбиесі- бала мінезінің іргетасы” тақырыбындағы сынып жетекшілердің баяндамасымен жалғасын тапты! 2022-2023 жаңа оқу жылының ұйымдастырылуы (оқулықтармен толық қамтамасыз етілуі, бірыңғай талаптың орындалуы т.б.) және биылғы оқу жылындағы өзгерістер (оқу апталығы 5 күндік, демалыс мезгілдері, оқу жылының 31.05.22 аяқталынатыны) мен алдағы мақсат-міндеттер тағы да басқа әр түрлі мәселелер талқыланды!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: