5 – сынып оқушыларының сыныптық-жалпылама бейімделуін зерделеу » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 – сынып оқушыларының сыныптық-жалпылама бейімделуін зерделеу
30
ноябрь
2023

5 – сынып оқушыларының сыныптық-жалпылама бейімделуін зерделеу

     30 қараша күні  комиссия мүшелері, ата-аналар, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің қатысуымен кіші педагогикалық кеңес /педагогикалық консилиум/ өтті.

     13-23 қараша аралығында 5-сынып оқушыларының сыныптық-жалпылама бейімделуі зерделенді. Арнайы комиссия құрылды. Зерделеудің негізгі мақсаты 5 сынып оқушыларына орта буынға тез және жеңіл бейімделуі қалыптастыру, бейімделудің, үйренісудің қиындықтарын зерттеу, саралау және түзету, дамыту, талапқа сай тәртіп ережесін игеру, бекіту, сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынасты, бірін-бірі түсінетін ұжымды қалыптастыру. 

     Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сыныпқа бейімделу кезеңі өте өзекті. Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады. Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі.

     Нәтижесінде 5 сынып оқушыларының бейімделуі қалып деңгейде деп танылды. 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: