Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алғашқы қоңырау 2023-2024 оқу жылы
01
сентябрь
2023

Алғашқы қоңырау 2023-2024 оқу жылы

1 қыркүйек -Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында  І,ІІ ауысымда өткізілді. 

Оқушылар жазғы демалыстан кейін алтын ұя мектебімен сағынышпен қауышып, мектеп алдында сап түзеді. Мектеп-гимназиямыз 150 бірінші сынып оқушыларымен толықты. Салтанатты жиынымыз сол балдырғандардың алғашқы ұстаздарымен танысу сәтімен басталды.

Жиынымыз №139 мектеп-гимназия директоры Қуатбеков Ерік Нұрғұмарұлының алғы сөзімен ашылды. Мерекемізге Әуезов ауданы әкімдігінің бас маманы Әбдікаримова Аружан Ғабитқызы, тарих ғылымының докторы, профессор Төлебаев Тұрғанжан Әбеуұлы, қамқоршылық кеңес мүшесі Масиралиева Нахима Қуанышқызы, ардагер ұстаз Садақбаев Тәңірберген Тұрсынбайұлы қатысты.       


  Мектеп-гимназиямыздың бүлдіршіндері тақпақтарын айтып, әндерін шырқап, мың бұралып билеп, сыңғырлаған қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттады.Жиында қонақтардың ақ тілегін тыңдап, талантты оқушыларымыз өз өнерлерінен шашу шашты. 


Салтанатты жиынымыз Білім күніне арналған "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасты. Жаңа оқу жылы баршамызға құтты болсын! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: