№5 Қамқоршылық кеңесінің отырысы » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №5 Қамқоршылық кеңесінің отырысы
30
май
2023

№5 Қамқоршылық кеңесінің отырысы

30 мамыр күні №5 Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

  1. 2022-2023 оқу жылының ІV тоқсан, жылдық бойынша оқудағы үлгерім, сапа көрсеткіштері
  2. IV тоқсан бойынша тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың барысы
  3. Әр түрлі мәселелер (оқу жылын қорытындылау, жазғы демалысты ұйымдастыру, келесі оқу жылына бағыт-бағдар беру). 

Жалпы 11 ата-ана қатысты. Бірінші  мәселе бойынша ДОЖЖО Г.Сапаровна сөз сөйлеп, ІV тоқсанның қорытындысымен таныстырды. Жалпы 2022-2023 оқу жылын 1500 баламен бастап, 1468 оқушымен аяқтап отырмыз. Тоқсан қорытындысы бойынша: үздік оқушылар-228, жақсы оқитын оқушылар-584, қанағаттанарлық деңгейдегі оқушы саны -487. Жан-жақты талдау жұргізіліп, 2022-2023 оқу жылының білім сапасы "қалыпты" деңгейде деп танылды. Екінші мәселе бойынша ДТЖЖО Т.Нурасыл сөз сөйлеп, IV тоқсанда жүргізілген іс -шараларға тоқталып, сонымен қатар ата-аналарға жазғы демалыстағы оқушылардың өмір, жол қауіпсіздігіне баса назар аудару керек екенін ескертті. Үшінші мәселе бойынша мектеп-гимназия директоры Е.Н.Қуатбеков 1-4 сыныптарда 5-30 маусым аралығында мектеп жанындағы жазғы лагер жұмыс жасайтынын хабарлады. Алдағы 2023-2024 оқу жылына оқушылардың бірыңғай қою көк түсті форма кию керектігін ескертті. Сонымен қатар ең бірінші кезекте оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі жайлы сөз етті. Сөз соңында қамқоршылық кеңес мүшелерін үштік одақтың дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады.   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: