№1 Сыныптық ата-аналар жиналысы » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №1 Сыныптық ата-аналар жиналысы
17
сентябрь
2023

№1 Сыныптық ата-аналар жиналысы

14-15 қыркүйек күндері №1 Сыныптық ата-аналар жиналысы жаңа форматта «Баланың мінез-құлқының мәдениетін тәрбиелеудегі отбасының рөлі»  тақырыбында өтті. Ата-аналарға пайдасын тигізетіндей тренинг, дөңгелек үстел, түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Тренингтің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.

Жиналыстың басы «Танысу» жаттығуымен басталды. Қызыл түс белгілер қол алып амандасады, сары түс  дауыс арқылы, көк түс  мимика арқылы ата-аналар бір-бірімен амандасып алды. Жаңадан келген ата-аналар өздерін таныстырды. «Қызықты сұрақтар» ойыны арқылы бала мен ата-ананың қарым-қатынасы анықталды. Доп лақтыру арқылы ата-аналарға сұрақтар қойылды. Келесі кезекте аңыз  «Мінсіз емес»  видеоматериалы көрсетіліп, бұл аңызда қандай мағына жасырылғандығы туралы сұралды. Осы видео бойынша ата-аналарға тапсырма берілді. Қағазда бейнеленген құмыраның ішіне ата –аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым – қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік, махаббат, түсіністік...т.с.с. Осындай жақсы сөздерді стикерге жазып, құмыраның ішін толтыру ұсынылды. Ата-аналармен ең қымбатты бала жаны жайлы ой бөлісілді. Осындай жаттығулар арқылы бала тәрбиелеудегі отбасының рөлі маңызды екендігі айқындалды.   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: