Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектебім, саған мың алғыс!" соңғы қоңырау салтанатты жиыны
25
май
2024

"Мектебім, саған мың алғыс!" соңғы қоңырау салтанатты жиыны

А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 2023-2024 оқу жылында мектеп бітіруші түлектерге арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы  салтанатты жиын өтті. Іс-шараны өткізу мектептің жылдық жоспарына сәйкес және ата-аналар комитетінің келісімімен өткізілді. Мектеп бітіру кешінің құрметті қонақтары ардагер ұстаз Кудербаева Урик Тумарканқызы және қамқоршылық кеңесінің төрайымы Әбілкасимова Шынар Нурмухаметқызы, сондай-ақ, 11 сынып түлектерінің ата-аналары келіп ізгі тілектерін білдірді. Мектеп-гимназиямыздан 71 шәкіртіміз қанат қағып, үлкен өмірге жолдама алды. Меткеп-гимназия директоры Қуатбеков Ерік Нұрғұмарұлы 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге ақ жол тіледі. Бітіруші 11 сынып оқушылары ұстаздарына алғыстарын білдіріп, өз өнерлерін көрсетті. Мектеп қабырғасындағы соңғы вальс биін биледі. Олар үшін соңғы рет қоңырау соғылды. Түлеп ұшқан жас шәкірттерімізге сәт сапар, ақ жол тілейміз!  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: