Іс-шаралар » Страница 10 » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 10
Көктем аруы-2023
06
март
2023
Көктем аруы-2023
8 Наурыз- Халықаралық әйелдер күні қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда 8-9 сынып арулары арасында “Көктем аруы-2023” мектепішілік байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, аруларымызды инабаттылыққа, әдептілікке, ізеттілікке, нәзіктікке, адамгершілікке, қазақтың салт-дәстүрлерін ұмытпай құрметтеуге баулу. Аруларымыз жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, Бас жүлдені 9"В" сынып оқушысы Сыдыкова Аяулым жеңіп алды.   
"Есіңе мені алғайсың" тақырыбындағы поэзиялық кеш
09
февраль
2023
"Есіңе мені алғайсың" тақырыбындағы поэзиялық кеш
Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдық мерейтойына орай "Есіме мені алғайсың" тақырыбында поэзиялық кеш өткізілді. Поэзия сүйер оқушылар ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқып, әндерін шырқады.  
"Ертегілер әлемінде..." сахналық қойылым
09
февраль
2023
"Ертегілер әлемінде..." сахналық қойылым
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, Рахымжанова Т., Синасап Н., Жумагалиева Г., ұйымдастыруымен 5 сынып оқушыларының арасында "Ертегілер әлемінде..." тақырыбында сахналық қойылымдар жарысы өтті. Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін, ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға
"Отбасылық таланттар" атты шығармашылық фестивалі
06
февраль
2023
"Отбасылық таланттар" атты шығармашылық фестивалі
5 сынып отбасылары арасында "Отбасылық таланттар" атты  шығармашылық фестивалі өтті. Фестивальдің негізгі мақсаты – отбасындағы рухани, мәдени құндылықтарды сақтау, жас ұрпақ тәрбиесін қалыптастыру мен отбасы институтын нығайту. Тәлімді отбасыларды тағылым төріне сүйреп, жанұя мүшелеріне түгел қуаныш сыйлаған мерекелік шара аясында викториналық сұрақтар, түрлі байқаулар мен отбасылардың өнерлері ортаға салынды. Фестивальге 5 сынып отбасылары белсене қатысты.  
Жас ғалымдармен кездесу
30
январь
2023
Жас ғалымдармен кездесу
Ғылыми-жаратылыстану пәндерінің онкүндігіне орай 10-11 сынып оқушыларымен "Ғалым болам десеңіз..." атты тақырыпта жас ғалымдармен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларды физика, химия және биология ғылымдары саласындағы ғалымдарымен таныстыру, оқушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықтарын арттыру. Кездесуіміздің қонақтары: Нурбакова Гулия Серикмухаметовна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ прфессор м.а. "Физика" бойынша халықаралық олимпиадаларға
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрна саяхат
29
январь
2023
Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрна саяхат
Рухани дүниетанымын, мәдени, танымдық көзқарастарын дамыту, сынып арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында 9 сынып оқушылары Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрна барып, І.Жансүгіровтың “Құлагер” қойылымын тамашалап қайтты. Қойылымнан алған әсерлері жайлы ой бөлісті.  
№3 қыздар жиналысы
29
январь
2023
№3 қыздар жиналысы
№3 қыздар жиналысы 5-8 сыныптар арасында "Тазалық- денсаулық кепілі" тақырыбында өткізілді. Мақсаты: денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағзаға қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру. Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты
№3 Ұлдар жиналысы
17
январь
2023
№3 Ұлдар жиналысы
17-20 қаңтар күндері 5-11 сынып ұлдарына №3 ұлдар жиналысы "Заң бәріне ортақ" тақырыбында өткізілді. Оқушылардың құқығы, заң тақырыбында оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  
Ғылыми-жаратылыстану кафедра әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылу сәті.
16
январь
2023
Ғылыми-жаратылыстану кафедра әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің
"Табиғат-адам заттың өмір нәрі,қажеттінің табылар содан бәрі" тақырыбындағы ғылыми-жаратылыстану кафедра әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылу сәті.