«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТАҒЫЛЫМЫ: ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТАҒЫЛЫМЫ: ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция
13
декабрь
2023

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТАҒЫЛЫМЫ: ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция

     12.12.2023 күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Педагогика кафедрасы және Ахмет Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназия ұжымы бірлесіп «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТАҒЫЛЫМЫ: ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Конференция оффлайн және онлайн форматында өтті. Онлайн форматына Өзбекстан Республикасынан, Баку қаласынан, Қазақстанның Алматы облысы, Арал және Жетісай қалаларынан қатысты.
Конференция қонақтары:
     Байсалова Айман апамыз Ахмет Байтұрсынұлының жиен немересі. Шолпан Ахметқызының қызы.
     Өмірхан Әбдиманұлы филология ғылымдарының докторы, профессор осы уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика, филология факультеттерінде декандық қызмет атқарған.
     Саудабаева Гульмира Сауытжановна. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, педагогика ғылымдарының докторы, профессоры
     Әсем Карбозова - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты,Ахметтану бөлімінің кіші ғылыми қызметкері
     Әрлен Сейтбатқал - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, онамастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.
      Айман апамыз «атам мені мойнына салып ойнататын» сынды естеліктерімен бөлісті. Ұлт мақтанышы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметін құрушылардың бірі болған А.Байтұрсынұлындай тұлғаның мейіріміне бөлену бақыты бұйырғанына қызыға қарадық. Қонақтардың пікірін, ғылыми тақырыптардағы дәрісін қатысушылар ұйып тыңдады.
Мектеп-гимназия ұжымынан ДОІЖО Жумашева Газиза Карагуловна, ДҒЖЖО Мухатаева Назикен Нурлановна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының кандидаты Садақбаев Тәңірберген Тұрсынбайұлы, ағылшын тілі пәні мұғалімі, филология кафедрасының жетекшісі Жусупова Жанаргүл Алибековна сөз сөйледі.
     Педагогика, филология бағыттары бойынша жүйелі, мәнді, ойлы конференция болды, қонақтар да қатысушылар да зор ықыласын білдіріп қайтты.

    



 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: