Мұражайға саяхат » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұражайға саяхат
12
ноябрь
2023

Мұражайға саяхат

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында №139  мектеп-гимназиясының 7 "А" сынып білім алушылары 10 – қарашада «Менің елімнің тарихы» тақырыбы аясында мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына саяхатқа барды.
Мақсаты: оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, өнер мұражайымен таныстыру, оқушының танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына, мәдениетіне деген қызығушылығын қолдау және дамыту.
Мұражай - әр елдің тарихын, салт - дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық. Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі шетел өнері, қорлар, қайта қалыпқа келтіру, көрме және экспозиция, насихаттау және экскурсиялық қызмет көрсету, ақпарат және баспа ісі сынды 9 ғылыми орталық жұмыс атқарады. Қазіргі таңдағы музейдің қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды. Музейдің аса бай қорындағы 22500-ден астам кескіндеме, графикасәулет және ҚазақстанныңРесейдіңЕуропаныңАмериканың, Шығыс елдері халықтарының қолданбалы өнерінің баға жетпес жұмыстары музейдің негізі қорындағы туындылар болып табылады. Осы туындылармен біздің оқушылар танысып қайтты.  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: