Оқушыларға » Страница 13 » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 13
Кәсіптік бағдар беру
01
октябрь
2023
Кәсіптік бағдар беру
2023 жылдың 16 қыркүйегінде біздің талантты түлектер шетелде білім алу мүмкіндіктерін зерттеу үшін ғажайып көрмеге аттанды. Олар түрік университеттерінің алуан түрлілігіне және олардың ұсынып отырған барлық артықшылыктарына тәнті болды. Көрмеде оқушылар түрлі институттардың өкілдерімен танысып, кәсіби бағдарламалық салалар туралы оқып, халықаралық  студенттерге арналған гранттар мен стипендиялар туралы білді. 
Отбасым және мен
13
сентябрь
2023
Отбасым және мен
10 қыркүйек Отбасы күніне орай А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 1-11 сынып оқушыларына отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу мақсатында "Отбасым және мен" тақырыбында сынып сағаттары өтті. «Жүректен — жүрекке» шеңбері, ой қозғау, «Ашық микрофон», топтық жұмыс, «Конверттегі сұрақтар», пікір алмасу сияқты түрлі әдістер қолданылып, оқушылар өз отбасы жайлы мақтанышпен айтып берді.  
Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдер күніне орай
05
сентябрь
2023
Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдер күніне
  05.09.2023ж. қыркүйек күні қазақтың ақыны,әдебиет зерттеуші ғалым,түркітанушы,публицист,педагог,аудармашы,қоғам қайраткері-Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі»тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Алғашқы қоңырау 2023-2024 оқу жылы
01
сентябрь
2023
Алғашқы қоңырау 2023-2024 оқу жылы
1 қыркүйек -Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында  І,ІІ ауысымда өткізілді.  Оқушылар жазғы демалыстан кейін алтын ұя мектебімен сағынышпен қауышып, мектеп алдында сап түзеді. Мектеп-гимназиямыз 150 бірінші сынып оқушыларымен толықты. Салтанатты жиынымыз сол балдырғандардың алғашқы ұстаздарымен танысу сәтімен басталды. Жиынымыз №139 мектеп-гимназия директоры Қуатбеков Ерік Нұрғұмарұлының алғы сөзімен ашылды. Мерекемізге Әуезов ауданы
Алғыс айту күні
01
март
2023
Алғыс айту күні
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні.  Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда Алғыс күніне арнайы жоспар құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілді.  
1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
28
февраль
2023
1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай 2023 жылдың жоспарына сәйкес сейсможаттығу және төтенше жағдай кезіндегі командирлердің,азаматтық қорғау бөлімшелерінің жеке құрамының,мектеп оқушыларының,мұғалімдер мен қызметкерлердің іс-әрекеті.  
Назад 1 ... 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Вперед