01
сентябрь
2025
Алғашқы қоңырау - Білім күні құтты болсын!
Алғашқы қоңырау – бұл әр оқушының, ата-ананың және ұстаздың жүрегінде ерекше орын алатын мереке. Бұл күн – мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндер үшін үлкен өмірге бастар алғашқы қадам. Олар алғаш рет қолдарына қалам ұстап, білім жолындағы сапарын бастайды. Ал жоғары сынып оқушылары үшін бұл – болашаққа бағыт беретін, жауапкершілік артатын маңызды кезеңнің басы.
Бұл күні мектеп ауласы балалардың күлкісіне, гүлге толып, қоңыраудың сыңғырлаған үнімен жанданады. Мұғалімдеріміз шәкірттерін сағынышпен қарсы алып, жаңа білім көкжиегіне жетелер сапарын бастайды.
