Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
Түлектерге аттестат тапсыру кеші.
18
июнь
2026
Түлектерге аттестат тапсыру кеші.
«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» 2026 жылғы мектеп бітіруші түлектерге арналған аттестат тапсыру салтанаты А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы қабырғасында ерекше сән-салтанатпен өтті. Бұл кеш – мектеп өміріндегі ең жарқын әрі жүрек толқытарлық сәттердің бірі. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгін білім нәрімен сусындап, үлкен өмірге қанат қақты. Салтанатты шара барысында түлектерге мемлекеттік үлгідегі аттестаттар табысталып, оқу озаттары мен мектептің қоғамдық
Республикалық деңгейде топ жарып, білім бәйгесінде биік белесті бағындыру – үлкен жетістік!
22
май
2026
Республикалық деңгейде топ жарып, білім бәйгесінде биік белесті
Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының республикалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектебіміздің 7-сынып оқушысы Адилхан Айлин жүлделі ІІІ орын иеленді. Бұл – талмай ізденудің, білімге деген құштарлықтың және жүйелі дайындықтың жемісі. Оқушымыздың жетістікке жетуіне бағыт-бағдар беріп, шығармашылық қабілетін шыңдаған пән мұғалімі Қырғызбай Ақзат де зор құрметке лайық. Республикалық олимпиадада ауданымыз бен мектебіміздің мерейін асқақтатқан Айлин мен жетекшісі Ақзат ұстазды
«Достық» білім беру орталығы
18
май
2026
«Достық» білім беру орталығы
«Достық» білім беру орталығы ұйымдастырған тестілеудің екінші кезеңінен сәтті өткен 5-сынып оқушыларын құттықтаймыз! Оқушыларымыз өздерінің білімдерін, ізденімпаздықтарын және белсенділіктерін көрсете білді. Бұл жетістік — тынымсыз еңбектің, ұстаздардың қолдауы мен ата-аналардың сенімінің нәтижесі. Әр оқушының алға қойған мақсатына жетуге деген талпынысы бізді қуантады. Екінші кезеңнен өту — үлкен жетістік әрі жаңа белестерге бастар маңызды қадам. Алдағы кезеңдерде де оқушыларымызға сәттілік,
“Жұлдыздар шеруі-2026” атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
15
май
2026
“Жұлдыздар шеруі-2026” атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
     Мамыр айының 15 жұлдызында мектебімізде жарқыраған сәттер мен ұмытылмас эмоцияларға толы “Жұлдыздар шеруі-2026” атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл жай ғана марапаттау емес, қажымас қайрат, шынайы талант пен ерен еңбектің салтанат құрған сәті. Салтанатты шеруде Олимпиада, түрлі ғылыми жобалар, әдебиеттік оқулар, қашықтық олимпиадалары, түрлі байқаулар мен спорт, ән, би, домбыра үздіктері марапатталған тарихи сәттің куәгері болдыңыздар. Бүгінгі жеңімпаздар болашақтың айнасы,
«Құқық негіздері» пәні бойынша қалалық олимпиада
09
апрель
2026
«Құқық негіздері» пәні бойынша қалалық олимпиада
Алматы қаласы Білім басқармасы мен Каспий қоғамдық университеті колледжі ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушыларына арналған «Құқық негіздері» пәні бойынша қалалық олимпиада өтті. Аталған білім додасында 9 «Ә» сынып оқушысы Әсембай Альмансур жүлделі II орынға ие болды. Жетекшісі – пән мұғалімі Озатбек Ертай. Жеңімпазды құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз арта берсін! 🎉  
"ЕЛСАНА" газетінің кезекті шығарылымы.
02
апрель
2026
"ЕЛСАНА" газетінің кезекті шығарылымы.
Мектебіміздің тыныс-тіршілігі, ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері, тәрбиелік іс-шаралар мен қызықты жаңалықтар топтастырылған "Елсана" газетінің кезекті саны жарық көрді ✨ Газет беттерінен мектеп өміріндегі маңызды оқиғалармен, үздік жетістіктермен және шығармашыл оқушылардың жұмыстарымен таныса аласыз 📚📝 «Елсана» – білім мен тәрбиенің, жаңалық пен ізденістің айнасы! 🌟                    
10 сынып оқушыларының тест қорытындылары
02
апрель
2026
10 сынып оқушыларының тест қорытындылары
10-сынып оқушыларымен тест нәтижелерін талдау жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараны мектеп директоры Е.Н. Қуатбеков өткізіп, оқушылардың білім деңгейіне жан-жақты сараптама жасады. Талдау барысында пәндер бойынша жіберілген қателіктер қарастырылып, әр оқушыға жеке кері байланыс берілді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру мақсатында нақты ұсыныстар мен бағыт-бағдарлар ұсынылды. Бұл жұмыс оқушылардың өз біліміндегі олқылықтарды анықтап, алдағы уақытта нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.  
Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «STEM-білім: мектепке дейінгі ұйымнан бастап білім беру ұйымдарына дейінгі сабақтастық пен инновация» тақырыбындағы аймақаралық форум
31
март
2026
Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым
Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «STEM-білім: мектепке дейінгі ұйымнан бастап білім беру ұйымдарына дейінгі сабақтастық пен инновация» тақырыбындағы аймақаралық форум аясында №139 мектеп-гимназиясының мұғалімдері белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Форум барысында мектеп ұстаздары екі бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, жаратылыстану кафедрасының мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері өз жобаларын ұсынып, қорғады. Ұсынылған
«Алаш идеясы – ұлттық идеяның темірқазығы» атты қалалық байқау
20
март
2026
«Алаш идеясы – ұлттық идеяның темірқазығы» атты қалалық байқау
Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері педагогтері арасында өткен қалалық «Алаш идеясы – ұлттық идеяның темірқазығы» атты байқауда мектебіміздің ұстаздары Қырғызбай Ақзат пен Озатбек Ертай жүлделі III орын иеленді. Бұл жетістік – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің нәтижесі. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз! 🌸  
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 23 Вперед