Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түлектерге аттестат тапсыру кеші.
18
июнь
2026

Түлектерге аттестат тапсыру кеші.

«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!»

2026 жылғы мектеп бітіруші түлектерге арналған аттестат тапсыру салтанаты А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы қабырғасында ерекше сән-салтанатпен өтті.

Бұл кеш – мектеп өміріндегі ең жарқын әрі жүрек толқытарлық сәттердің бірі. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгін білім нәрімен сусындап, үлкен өмірге қанат қақты. Салтанатты шара барысында түлектерге мемлекеттік үлгідегі аттестаттар табысталып, оқу озаттары мен мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқан шәкірттер марапатталды.

Мерекелік кеште мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге ақжарма тілектерін арнап, болашақтарына сәттілік тіледі. Өз кезегінде түлектер де білім мен тәрбие берген аяулы ұстаздарына алғыстарын білдіріп, мектеппен қоштасудың әсерлі сәттерімен бөлісті.

«Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты кеш жас түлектердің жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше естелікке айналды. Бұл күн – балалық шақпен қоштасып, арманға толы жаңа өмір жолына қадам басқан сәттің белгісі болды.

Ұлағатты ұстаздар берген тәлім мен білімнің арқасында түлектеріміздің алдағы өмір жолдары жарқын, армандары асқақ болсын! Мектебіміздің абыройын асқақтатып, ел болашағына қызмет ететін білімді де білікті азаматтар атануларына тілектеспіз.

Ақ жол, жас түлек! 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: