Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Күй күмбірі"
10
апрель
2025
"Күй күмбірі"
Күй күмбірі" - «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сәйкес жүргізіліп жатқан іс-шара. Бағдарламаның басты мақсаты: - ұлттық мәдени мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу; - домбыра аспабын насихаттап, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру; Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мектеп оқушылары 10 минуттық үзілісте «Нәр ағашы» күйін нақышына келтіріп, орындап шықты.  
"БЕЙСЕНБІ-ТАЗАЛЫҚ КҮНІ"
10
апрель
2025
"БЕЙСЕНБІ-ТАЗАЛЫҚ КҮНІ"
"Таза бейсенбі" мектепішілік тазалық күні әр бейсенбі өткізіледі. Әр сынып сынып жетекшілері мен бірге өз кабинеттерін тазалап, жинайды. Білім алушылар ынтымақтаса отырып,жұмыс жасайды . Балаларды еңбекке баулу арқылы еңбексүйгіштікке, өз мүлкіне жанашырлықпен қарауға үйрету.  
"ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ"
07
апрель
2025
"ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ"
«АЛМАТЫ БАЛАFEST» балалар фестивалі аясында "ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ" байқауына"Хореографиялық"бағытының аудандық байқау кезеңі өткізілді. "Еркеназ" би тобы 2-ші орын алды.   ЖАРАЙСЫҢДАР! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
"Достық-біздің тірегіміз" атты ашық сабақ
07
апрель
2025
"Достық-біздің тірегіміз" атты ашық сабақ
"Достық-біздің тірегіміз" атты ашық сабақ өткізілді. Мақсаты:  Балалардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. 
Жеңісті күндер көп болсын!
04
апрель
2025
Жеңісті күндер көп болсын!
Алматы қаласы білім беру ұйымдарының «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні мұғалімдері арасында өткен, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскерилендірілген эстафеталық жарыста 1-орын иеленген алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бағдаулетов Бауыржан Қанатұлын шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!  
АБАЙЛАҢЫЗДАР!!!
04
апрель
2025
АБАЙЛАҢЫЗДАР!!!
Жүк көлігі тоқтап тұрған немесе баяу қозғалып келе жатқан кезде оның алдынан өтпеңіз! Бұл — өте қауіпті!  
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
04
апрель
2025
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
3-ақпан мен 25-ақпан аралығында Instagram әлеуметтік желісінде өткен "Менің отбасымның тарихы: 7 ата (шежіре)" байқау қорытындысы бойынша II орын алған 11 “В” сынып оқушысы Сағынбек Іңкәр дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Алибекова Құралай  
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
04
апрель
2025
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Қалалық “Я - профессионал” атты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткен олимпиадаға Сакупова С. Г. қатысып, ІІІ орын иеленді.  
"Мектебіміздің мақтанышы"
04
апрель
2025
"Мектебіміздің мақтанышы"
Республикалық “Алтын түлек” математикалық олимпиадасына 11 ”Ә” сынып оқушысы Камитканова Рания қатысып, 2- орын алды. Пән мұғалімі: Булегенова З.Т. Құттықтаймыз!!!💐  
"Үздік музыка кабинеті"
01
апрель
2025
"Үздік музыка кабинеті"
Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының музыка пәні мұғалімдерінің арасында "Үздік музыка кабинеті" атты байқауы Алматы қаласы Білім  басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. Нәтижесінде "Үздік музыка кабинеті" атты қалалық байқауынан мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Шамшаева Патима Жакиппаровна 3-ші орынды иеленді. Құттықтаймыз!