12 сәуір-Ғарышкерлер күні!
Мақсаты:Ғарышкерлер туралы мәлімет беру арқылы ғарышкерлерге деген сый - құрметтерін нығайту.
1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды. Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннес рекордтар кітабына енді: оған дейін бір ұшырылым барысында ашық космоста бір тәуліктен астам уақыт ешкім болып көрмеген.
Осы Әлемдік даталы күнге арнап 10 сынып оқушыларымыз видеочеллендж ұйымдастырылды. Қазақстанда космос кеңістігін зерттеу туралы жазылған ғылыми еңбектер, еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, халық батырлары Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтердің өмірі, қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы қысқаша видео жолдады.