Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық деңгейде топ жарып, білім бәйгесінде биік белесті бағындыру – үлкен жетістік!
22
май
2026

Республикалық деңгейде топ жарып, білім бәйгесінде биік белесті бағындыру – үлкен жетістік!

Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының республикалық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектебіміздің 7-сынып оқушысы Адилхан Айлин жүлделі ІІІ орын иеленді. Бұл – талмай ізденудің, білімге деген құштарлықтың және жүйелі дайындықтың жемісі.

Оқушымыздың жетістікке жетуіне бағыт-бағдар беріп, шығармашылық қабілетін шыңдаған пән мұғалімі Қырғызбай Ақзат де зор құрметке лайық.

Республикалық олимпиадада ауданымыз бен мектебіміздің мерейін асқақтатқан Айлин мен жетекшісі Ақзат ұстазды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, бағындырар белестеріңіз көп болсын! Білім мен еңбектің арқасында жеткен бұл жеңіс – барша ұстаздар мен оқушыларға үлкен мотивация әрі мақтаныш! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: