02
февраль
2026
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық конкурсы.
Оқу-ағарту министрлігінің «SUNQAR» республикалық білім орталығының ұйымдастыруымен қаңтар айында өткен «Ақ шағала» республикалық хореографиялық конкурсына мектебіміздің шәкірттері белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
Аталған байқауда оқушыларды кәсіби деңгейде дайындап, өнер саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін би үйірмесінің жетекшісі Оразова Меруерт Сатарбекова арнайы марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, шәкірттеріміз байқау қорытындысы бойынша І орынға ие болып, мектебіміздің мерейін асқақтатты.
Жетекшіміз бен дарынды оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа биіктер тілейміз! 🌟🕊️