12
декабрь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқау
Педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық кезеңінде мектебіміздің еңбекқор, ізденімпаз ұстазы Уалихан Сара өзінің кәсібилігі мен жаңашыл жұмысын жоғары деңгейде танытып, І орынға ие болды!
Бұл жеңіс – ұстаздың үздік идеяларының, шығармашылық көзқарасының және оқушыларға деген шынайы сүйіспеншілігінің айқын дәлелі.
Мектеп ұжымы атынан Уалихан Сараны шын жүректен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен биік шыңдарды бағындыра беруге тілектестік білдіреміз!