24
октябрь
2025
25 Қазан - Республика күні!
Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.
Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын.
Мерекеге орай мектебімізде оқушылардың өз елін мақтан тұтуына, отансүйгіштік рухын арттыруға ықпал ету мақсатында мерекелік іс-шара өткізілді.
