Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
январь
2026

Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы

Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы ☀️

Бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндігі – жүрекке жылу сыйлаған ерекше күндермен басталды. Кеше мектебіміз таңғы сәттен-ақ мүлде басқа күйге енді. Оқушылар мен ұстаздар аэропорт стиліндегі қарсы алуда білімге бағыт алған үлкен сапардың жолаушысындай әсер алды ✈️
Түсте осы әсерлі бастама әуез бен өнерге толы концертпен жалғасын тапты. Балалардың өнері – балалықтың шынайы үні, ұстаздардың қолдауы – шуақты шаңырақтың берік тірегі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бастауышта қаланған білім –
өмір бойына жетелейтін жарық жол.
Сол жолдың бастауы –
✨ шуақты білімнің шаңырағында ✨

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: