«Жеңіс рухы – жүректе!» сурет байқауы 🇰🇿🎨
«Жеңіс рухы – жүректе!» сурет байқауы 🇰🇿🎨
Әуезов ауданы бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Жеңіс рухы – жүректе!» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың аудандық кезеңіне 17 мектеп қатысып, оқушылар өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
👧🧒 Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінді:
Кіші жас тобы – 13 оқушы
Орта жас тобы – 22 оқушы
Байқаудың басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 🇰🇿✨
Оқушылар өз туындыларында Жеңістің маңызын, батырлардың ерлігін және бейбіт өмірдің қадірін әсерлі түрде бейнеледі. Әрбір суретте — жүректен шыққан алғыс пен мақтаныш сезімі көрініс тапты. 🎖️
👏 Байқауға белсенді қатысқан барлық мектептер мен жас суретшілерге алғыс білдіреміз! Шығармашылық табыс тілейміз!
