Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
11
декабрь
2025
"Жас ұлан" және "Жас қыран"
«Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымдарына қабылдаудың мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты білімді, отаншыл, адамгершілігі жоғары азамат етіп тәрбиелеу. Екі ұйымға қабылдау – баланың жеке қабілетін дамытып, ел болашағына үлес қосатын белсенді, отаншыл жас ұрпақ қалыптастыруды мақсат етеді. Мектеп-гимназиямызда оқушыларды «Жас ұлан» және «Жас қыран» ұйымына салтанатты түрде қабылдау болып өтті.    
Онкүндіктер аясында
21
ноябрь
2025
Онкүндіктер аясында
Математика және информатика кафедрасының  10-20.11.2025ж. аралығында оқушылардың математикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыру, логикалық ойлау, алгоритмдік және цифрлық мәдениетті қалыптастыру арқылы заманауи білімге қызығушылығын арттыру; математика мен информатиканың өмірмен байланысын көрсету мақсатында  «Сандар мен кодтар әлемі» атты онкүндігі өтті.      
А. Байтұрсынұлы оқулары.
21
ноябрь
2025
А. Байтұрсынұлы оқулары.
Бүгін мектебімізде 4-сынып оқушылары арасында «А.Байтұрсынұлы оқулары-2025» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыс мектеп-гимназияның А.Байтұрсынұлына арналған мұражайында өткізілді. 4-сынып оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.    
Қыздар жиналысы.
12
ноябрь
2025
Қыздар жиналысы.
Жасөспірім қыздардың бойында өзін-өзі құрметтеу, салауатты өмір салтын ұстану, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды бағалау, болашақ ана ретіндегі жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында "Жасөспірім қыз – болашақ ана" тақырыбында №2 қыздар жиналысы өткізілді.  
Дарынды балармен жұмыс.
12
ноябрь
2025
Дарынды балармен жұмыс.
Қарашаның 12-і күні 9-11 сыныптар арасында мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді. Оқушылар белсене атсалысып, білім додасында бақтарын сынады. Дарынды балалармен жұмыс жетекшісі Қырғызбай Ақзат.  
Олимпиада
10
ноябрь
2025
Олимпиада
Қараша айының 7-ші жұлдызында 7-8 сыныптар арасында мектепішілік пәндік олимпиада өтті. Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын, физика, химия пәндерінен өткізілді. Оқушылар белсене атсалысып, білім бәйгесіне түсті. Дарынды балалармен жұмыс жетекшісі Қырғызбай Ақзат.  
Мақала
06
ноябрь
2025
Мақала
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, осыған байланысты мектеп-гиназиямызда қазан айында жұмысшы мамандық иелерімен кездесу өткізіліп, кездесудің қортындысын мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Орысбаева Назымның  "Білімді ел" газетінде "Тіршіліктің тамыры - еңбек адамы" тақырыбында мақаласы жарық көрді.  
Қамқоршылық кеңес.
05
ноябрь
2025
Қамқоршылық кеңес.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында білім беру ұйымы мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту, оқу орнының дамуына ықпал ету, материалдық-техникалық базасын жақсартуға және тәрбиелік үдерісті жетілдіруге қолдау көрсету мақсатында мектеп-гиназиямызда кезекті қамқоршылық кеңесі өткізілді. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып шешім шығарылды.  
Өнерлі оқушы.
03
ноябрь
2025
Өнерлі оқушы.
Рудный қаласында өткен ашық Республикалық турнир, таеквондо спорт түрінен 8 ә сынып оқушысы Қабдош Арслан 1-ші орын алды.    
Өнерлі оқушы.
03
ноябрь
2025
Өнерлі оқушы.
Қазақстан Республикасы Алматы қаласы коньки тебушілер одағы. Қазақстанның еңбегі сіңген бапкері Слатин Олег Петровичты еске алу мақсатында өткізілген шорт-трек жарысының 1- орын иегері."5В" сынып оқушысы Амангелді Әдемі.