24
июль
2025
"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН"
Елімізде экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2025 жылдың 24 шілде күні мектебімізде жалпы сенбілік өтті.
Аталмыш сенбілікке мектеп ұжымы, ұстаздар белсенді қатысты. Іс-шара барысында мектеп ауласы, айналасы, гүлзарлар, спорт алаңы тазартылды. Қоқыстарды жинап, ауланы ретке келтірді. Жасыл желектер суарылып, гүлзарлар әсемделді. Бұл сенбілік тек тазалықпен шектеліп қана қоймай, табиғатты аялау мен бірлікпен жұмыс істеудің маңызын ұғындырды.
«Таза Қазақстан» акциясы үлкен тәрбие мектебіне айналды. Мұндай шаралар оқушыларды еңбекке баули отырып, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырады.