15
октябрь
2025
«Адал азамат» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру тақырыбындағы семинар
Тақырыбы: «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Мақсаты:
Оқушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық, азаматтық жауапкершілік, еңбекқорлық пен елге қызмет ету секілді ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды жүйелі түрде қалыптастыру.
Ұлттық құндылық – тәрбие өзегі
Ұлттық құндылықтар – ұлттың жаны, тамыры, болмысы. Бүгінгі мектептің басты міндеттерінің бірі – ұлт болашағы болатын жас ұрпаққа тілі мен ділін, дәстүрі мен мәдениетін, тарихы мен тағылымын бойына сіңіріп өсіру. Қазақ халқы қай кезеңде болмасын ар-намысты бәрінен биік қойған. Міне, «Адал азамат» бағдарламасы арқылы біз сол адамгершілік тәрбиесін жаңғыртуға бет бұрып отырмыз.
