Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің отырысы.
Мектебімізде ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау мақсатында кезекті психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (ППҚҚ) отырысы ұйымдастырылды.
Аталған жиынға мектеп әкімшілігі, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, арнайы педагог, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері қатысты.
Отырыстың негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісіндегі жетістіктері мен қиындықтарын талдап, оларды тиімді қолдаудың жолдарын анықтау.
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізілетін түзете-дамыту, психологиялық және педагогикалық жұмыстар бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, ППҚҚ отырысы әр тоқсанда бір рет жүйелі түрде өткізіліп отырады.
Бұл – ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың білім алу сапасын арттыруға, оларды табысты әлеуметтендіруге және оқу үдерісіне тиімді бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жиын қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар қабылданып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.