13
май
2026
ҰБТ-ға дайындық: 10-сынып оқушыларымен №4 тест бойынша талдау жұмысы өтті
Бүгін мектеп-гимназия директоры Е.Н. Қуатбеков 10-сынып оқушыларымен ҰБТ-ға дайындық бағытында №4 тест бойынша талдау жұмысын өткізді. Кездесу барысында тест нәтижелері сараланып, оқушылардың жіберген қателерімен жұмыс жүргізілді.
Талдау кезінде пәндер бойынша жиі кездесетін қателер түсіндіріліп, оларды түзету жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, оқушыларға уақытты тиімді пайдалану, сұрақтарды мұқият оқу және дайындықты жүйелі жүргізу жөнінде кеңестер берілді.
Мектеп директоры Е.Н. Қуатбеков оқушыларға алдағы ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетуге сенім білдіріп, табандылық пен үздіксіз дайындықтың маңызын атап өтті. Кездесу соңында оқушыларға мотивация беріп, сәттілік тіледі.