«Балдәурен» жазғы лагерьі ашылды
Мектебімізде оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, денсаулығын нығайту және бос уақытын мазмұнды өткізу мақсатында «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.
Лагерьдің ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл-күйде, мерекелік форматта ұйымдастырылды. Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі оқушыларды жазғы демалыстың басталуымен құттықтап, лагерь жұмысының маңыздылығына тоқталды. Ашылу рәсімінде оқушылар ән айтып, би билеп, қызықты ойындар мен спорттық сайыстарға белсенді қатысты. Сонымен қатар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі танымдық және көңілді бағдарламалар ұсынылды.
Лагерьдің негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі пайдалы ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық қарым-қатынасты нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу болып табылады. Осы бағытта лагерьде спорттық жарыстар, интеллектуалдық ойындар, мәдени-көпшілік іс-шаралар, шеберлік сағаттары мен тәрбиелік мәні зор кездесулер өткізу жоспарланған.
Ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға ерекше қуаныш сыйлады. Балалардың лагерьге деген қызығушылығы артып, белсенділік танытты.
