Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 10
"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН"
24
июль
2025
"ТАЗА ҚАЗАҚСТАН"
  Елімізде экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны таза ұстау және  табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2025 жылдың 24 шілде күні мектебімізде жалпы сенбілік өтті.     Аталмыш сенбілікке мектеп ұжымы, ұстаздар белсенді қатысты. Іс-шара барысында мектеп ауласы, айналасы, гүлзарлар, спорт алаңы  тазартылды.  Қоқыстарды жинап, ауланы ретке келтірді. Жасыл желектер суарылып, гүлзарлар әсемделді. Бұл сенбілік тек тазалықпен
"Тіл шебері" Республикалық байқау
18
июль
2025
"Тіл шебері" Республикалық байқау
 Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Алматы қаласы бойынша ұйымдастырылған "Тіл шебері" қалалық байқауында Бас жүлдені жеңіп алған Әуезов ауданы А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясының ағылшын пәнінің мұғалімі Дауткулова Ляззат жеңіп, Түркістан қаласына жолдама алды.  
Қауіпсіздік шарасы
02
июнь
2025
Қауіпсіздік шарасы
 №139 мектеп-гимназияда Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар  басқармасының  Аға инженері азаматтық қорғау майоры А.Е.Ильясов оқушыларға қауіпсіздік шаралырын өтізіді  
5 күн. Бүгін біз қызықты киноға саяхатқа шықтық!
30
май
2025
5 күн. Бүгін біз қызықты киноға саяхатқа шықтық!
2025 жылғы 30 мамыр күні жазғы демалыс лагеріне қатысып жатқан оқушылар "MOSKVA" кинотеатрға барып, жаңа фильмді тамашалады.Лагерь балалардың бос уақытын қызықты әрі мазмұнды өткізуіне сеп болды. Кино көрсетілімнен кейін оқушылар әсерлерімен бөлісіп, сүйікті кейіпкерлері туралы пікір алмасты. Балалардың көңіл-күйін көтеріп, шығармашылық ойлауына серпін берді.Күннен күнге балалардың қызығушылықтары артып, лагерьге келушілер саны артуда!  
4 күн «Цирк әлеміне саяхат»
29
май
2025
4 күн «Цирк әлеміне саяхат»
Мектебіміздегі лагерь оқушылары бүгін циркке барып , жақсы көңіл күйде қойылым тамашалап қайтты. Циркті тамашалау –  Бұл қиялды таң қалдыратын және барлық жастағы адамдарды қуанта алатын ғажайыптар әлеміне ену. Циркке бару балалар үшін жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсерлерге толы нағыз шытырман оқиғаға айналды. Балалар үшін тамаша қойылым ғана емес, сиқырлы сезім сыйлайтын нағыз мерекеге айналды. Бұл күн біздің жадымызда ең жарқын және қуанышты оқиғалардың бірі ретінде сақталады.  
3 күн "Бояулар құпиясы"
28
май
2025
3 күн "Бояулар құпиясы"
Жоспары бойынша "Бояулар құпиясы" сурет байқауы өткізілді.Мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу. Басты мақсат – өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық
2 күн Табиғат аясында
28
май
2025
2 күн Табиғат аясында
27 мамыр күні «Балдәурен» мектеп лагерінің балалары зоопаркке барды. Жыртқыш құстарды, аңдарды,жануарларды тамашалап, басқа мекендеушілерімен де танысты. Танымдық экскурсия керемет өтті.  
"Сыныпаралық ата-аналар жиналысы"
27
май
2025
"Сыныпаралық ата-аналар жиналысы"
 27-28.05.2025ж күні мектебімізде « Оқу жылының қорытындысы туралы» сыныпаралық ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыста  2024-2025 оқу жылының қорытындысы,жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік, келесі оқу жылына арналған мектеп формасы мәселелері талқыланды. Жиналысқа педагог-психологтар,әлеуметтік педагог қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  
Мектепішілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылу
26
май
2025
Мектепішілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылу
   26.05.2025ж сағат 9:00де Мектепішілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы мектеп ауласында өткізілді.  1-5 сынып оқушылары және  ата-аналар қатысты. Ашылу мерекесімен мектеп-гимназия директоры Е.Н.Қуатбеков құттықтап, бүлдіршіндерді лагерьге белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Салтанатты жиында балалардың сүйікті кейіпкерлері  сомдаған ұстаздар балаларды қызықтырып, ойындар ойнап, сыйлықтар беріп, ән айтқызып, билетіп, оқушылармен қызықты әсерде