Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚОШ КЕЛДІҢ,ӘЗ-НАУРЫЗ"
20
март
2023

"ҚОШ КЕЛДІҢ,ӘЗ-НАУРЫЗ"

Наурыз мейрамы құтты болсын! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы мектеп-гимназиямызда да атап өтілді. Мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, әр сыныпта сынып сағаты өтті. Оқушылар ұлттық киімдерін киіп, ағаш отырғызып, Наурыздың ұлттық тағамы Наурыз көжеден дәм татып, ұлттық ойындарымызды ойнап, ән мен биден шашу шашты. Салт-дәстүрлерімізді ұлықтап, қадірлейтіндерін көрсетті.    

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: