17
январь
2025
№3 Қыздар жиналысы
Мектеп-гимназиямызда 5-11 сынып оқушылары арасында қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа №4 қалалық емханадан терапевт Э.Б.Аппарбекова, психолог Ж.Т.Эргашева, қыздардың тәртібі,жеке бас тазалығы (гигиена) туралы сөз қозғалды. Жиналысқа Т.М.Айтмухаметова, Ж.Хусаинова асыл әжелерімізде қатысты. Қыздарымызға кешкі уақытта қыдырмау,өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті. Қыз баланы тәрбиелеу-ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізді.