Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Кітап-білім бұлағы" атты мектепішілік рейд.
07
февраль
2025

"Кітап-білім бұлағы" атты мектепішілік рейд.

Білім алушыларды кітапханалық оқулықтарға дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету мақсатында "Кітап - білім бұлағы" атты оқулықтарға рейд жүргізілді. Тексеру 5 сыныптар арасында өткізілді. Сабақта оқулықтардың болуы, мұқабаның болуы, сондай-ақ оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді. Рейдке ДТЖЖО А. Қуанышбай, кітапхана меңгерушісі М.Керімбекова қатысты. Оқулықтары, мұқабасы жоқ немесе ұсақ жөндеуді қажет ететін кітап иелері, білім алушыларға "мектеп оқулығына ұқыпты қарау туралы", "оқулықты сақта", "оқулықты ұзақ ұстау " нұсқаулықтар жүргізіліп, мектеп кітапханасынан оқулықтарды пайдаланудың негізгі ережелері туралы және оқулықтарды бүлдіргені және жоғалғаны үшін жауапкершілік туралы тағы да еске салынды.

    Құрметті білім алушылар мен ата-аналар! Оқу әдебиеттері-табысты оқудың шарты. Әрбіріміз таза және ұқыпты кітапты қолымызда ұстағымыз келеді, ал ол үшін оны сақтау керек. Оқулықтарыңыз қандай жағдайда екенін қараңыз! Оқулықтар оралып, таза болуы керек.!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: