Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 2
«Құқық негіздері» пәні бойынша қалалық олимпиада
09
апрель
2026
«Құқық негіздері» пәні бойынша қалалық олимпиада
Алматы қаласы Білім басқармасы мен Каспий қоғамдық университеті колледжі ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып оқушыларына арналған «Құқық негіздері» пәні бойынша қалалық олимпиада өтті. Аталған білім додасында 9 «Ә» сынып оқушысы Әсембай Альмансур жүлделі II орынға ие болды. Жетекшісі – пән мұғалімі Озатбек Ертай. Жеңімпазды құттықтаймыз! Жетістіктеріңіз арта берсін! 🎉  
“Топырақ - тіршілік негізі” тақырыбында топырақтану институтының ғалымдарымен дөңгелек үстел өтті.
07
апрель
2026
“Топырақ - тіршілік негізі” тақырыбында топырақтану институтының
📍 Алматы қаласы, №139 мектеп-гимназиясында 9 сынып оқушыларының қатысуымен “Топырақ - тіршілік негізі” тақырыбында топырақтану институтының ғалымдарымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Өмірбек Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтының білікті ғалымдары арнайы келіп, оқушылармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Ғалымдар топырақтың маңызы, экология, табиғатты қорғау және ғылымның қоғамдағы рөлі туралы құнды мәліметтер ұсынды. ✨ Оқушылар үшін бұл кездесу үлкен
Samal» су зауытына танымдық экскурсия
06
апрель
2026
Samal» су зауытына танымдық экскурсия
5 «В» сынып оқушылары сынып жетекшісі Жусупова Жанардың жетекшілігімен «Samal» су зауытына танымдық экскурсияға барып қайтты. Экскурсия барысында оқушылар өндіріс процесімен жақын танысып, ауыз судың қалай тазартылып, бөтелкеге құйылатынын өз көздерімен көрді. Зауыт мамандары оқушыларға судың сапасын тексеру кезеңдері, заманауи технологиялар мен санитарлық талаптар туралы жан-жақты мәлімет берді. Балалар экскурсия барысында қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толық жауап
11-сынып оқушыларымен наурыз айындағы тест қорытындысын талдау.
06
апрель
2026
11-сынып оқушыларымен наурыз айындағы тест қорытындысын талдау.
11-сынып оқушыларының наурыз айында өткізілген тест қорытындылары бойынша мектеп директоры Е.Н. Қуатбековтың жетекшілігімен пән мұғалімдерінің қатысуымен жан-жақты талдау жұмыстары жүргізілді. Талдау барысында әр пән бойынша білім сапасы сараланып, оқушылардың оқу жетістіктері мен кемшіліктері анықталды. Сонымен қатар, білім деңгейін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар беріліп, алдағы жұмыстардың жоспары белгіленді. Аталған жұмыстар оқушылардың білім сапасын көтеруге, ҰБТ-ға дайындық деңгейін
"ЕЛСАНА" газетінің кезекті шығарылымы.
02
апрель
2026
"ЕЛСАНА" газетінің кезекті шығарылымы.
Мектебіміздің тыныс-тіршілігі, ұстаздар мен оқушылардың жетістіктері, тәрбиелік іс-шаралар мен қызықты жаңалықтар топтастырылған "Елсана" газетінің кезекті саны жарық көрді ✨ Газет беттерінен мектеп өміріндегі маңызды оқиғалармен, үздік жетістіктермен және шығармашыл оқушылардың жұмыстарымен таныса аласыз 📚📝 «Елсана» – білім мен тәрбиенің, жаңалық пен ізденістің айнасы! 🌟                    
№4 сыныптық ата-аналар жиналысы
02
апрель
2026
№4 сыныптық ата-аналар жиналысы
Тақырыбы:  « Баланы қалай қолдау керек:психологиялық және моральдық көмек »   Күн тәртібінде: 1.«Баланы қалай қолдау керек:психологиялық және моральдық көмек» 2.ІІІ тоқсан қорытындысы. 3.Ағымдағы мәселелер  
10 сынып оқушыларының тест қорытындылары
02
апрель
2026
10 сынып оқушыларының тест қорытындылары
10-сынып оқушыларымен тест нәтижелерін талдау жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараны мектеп директоры Е.Н. Қуатбеков өткізіп, оқушылардың білім деңгейіне жан-жақты сараптама жасады. Талдау барысында пәндер бойынша жіберілген қателіктер қарастырылып, әр оқушыға жеке кері байланыс берілді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру мақсатында нақты ұсыныстар мен бағыт-бағдарлар ұсынылды. Бұл жұмыс оқушылардың өз біліміндегі олқылықтарды анықтап, алдағы уақытта нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді.  
Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «STEM-білім: мектепке дейінгі ұйымнан бастап білім беру ұйымдарына дейінгі сабақтастық пен инновация» тақырыбындағы аймақаралық форум
31
март
2026
Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым
Алматы қаласы білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі ұйым педагогтарына арналған «STEM-білім: мектепке дейінгі ұйымнан бастап білім беру ұйымдарына дейінгі сабақтастық пен инновация» тақырыбындағы аймақаралық форум аясында №139 мектеп-гимназиясының мұғалімдері белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. Форум барысында мектеп ұстаздары екі бағыт бойынша бақ сынады. Атап айтқанда, жаратылыстану кафедрасының мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері өз жобаларын ұсынып, қорғады. Ұсынылған
Эмоционалды интеллект» олимпиадасы
31
март
2026
Эмоционалды интеллект» олимпиадасы
Қалалық «Эмоционалды интеллект» олимпиадасында мектебіміздің оқушылары білім мен зеректіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, жоғары жетістікке қол жеткізді. Байқау қорытындысы бойынша: Тимурұлы Мұхамедқасым – І орын, Маркен Алихан – ІІ орын, Акишева Аяна – ІІІ орын иегері атанды. Оқушыларымыздың табандылығы мен үздік нәтижесі – үлкен еңбектің жемісі. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыра беріңіздер! 🌟💐  
«Ертегілер еліне саяхат» сыныптан тыс іс-шара өтті.
27
март
2026
«Ертегілер еліне саяхат» сыныптан тыс іс-шара өтті.
«Ертегілер еліне саяхат» сыныптан тыс іс-шара өтті. Онкүндік аясында өткізілген «Ертегілер елінде. In Fairyland» атты сыныптан тыс іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көптілділік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.Мұндай іс-шаралар оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Іс –шара 5 сынып оқушылар арасында жоғары деңгейде өтті. Барлық 5 сынып оқушылары үлкен