23
январь
2025
АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ.
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 36 жылдығына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.Іс-шараға ардагерлеріміз : Даркенбаев Б.Қ, Құнанбай.Ж.Қ,Жорабаев А.А. шақырылды.Ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың қиын-қыстау кезеңдері мен естеліктерін баяндады.Мектептің алғашқы әскери дайындық жетекшісі Бағдаулетов Бауыржан жоғарғы сынып оқушыларына жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды. Кездесу оқушылардың жыр-тақпақтарымен ұласты, жанды дауыста патриоттық әскери әндермен шашу шашты.Бұл кездесу оқушыларға ешқашан ұмытылмастай тамаша әсер қалдырды.