28
январь
2025
Мұражай – жәдігерлер мекені, тұнып тұрған тарих.
Ал тарих туған жерден басталады.
Мұражайға саяхат жасау жалпы ой – өрістің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, балаларды ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеп, шежірелі өлкенің тарихын біліп қана қоймай, оны сүйіп, құрметтеу әрбір азаматтың міндеті екендігін жете түсінуіне көмектеседі.
Туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу мақсатында 9 сынып оқушылары пән мұғалімдерімен мұражайға саяхат жасап, көптеген түрлі жәдігерлермен, өлкеміздің тарихымен танысып қайтты.