Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сейсможаттығу"
18
февраль
2025

"Сейсможаттығу"

 «Жер сілкінісі кезіндегі оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлердің іс- әрекеті, оларды эвакуациялау» тақырыбында жаттығу өткізілді. 
Негізгі жүргізілген іс- шаралар:
- дабыл берілген уақыттан кейінгі оқушылардың қауіпсіз аймаққа уақытында шығарылуын штаб құрамы бақылап, сапқа тұрғызды;
- сыныптар толық сапқа тұрғызылып, азаматтық штаб мүшелерінің бақылау нәтижесі негізінде жер сілкінісі кезіндегі оқушылар мен мұғалімдердің іс-әректінің қорытындысы баяндалды.
- Жарақаттанған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету іс-шаралары көрнекі түрде көрсетілді.
сапқа тұрғызылған сыныптар мен мұғалімдер, штаб құрамы қайта өз жұмыс орындарына қайтарылды.
Сейсможаттығуға дейін:
- Штаб пен шұғыл топтарының құрамы анықталып, құрылды;
- Байланыс және хабардар ету жүйесінің дайындығы тексерілді;
- Оқушылар арасында оқу-жаттығу өткізілетіні туралы және оны өткізу барысында қандай іс-әрекеттер жасайтыны жөнінде толық көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
- Әр сыныпта алдын ала «Жер сілкінісі қаупі орын алған жағдайдағы әрекеттер» тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: