24
февраль
2025
✨ “Әдепті бала – сүйкімді” ✨
✨ “Әдепті бала – сүйкімді” ✨
2 “Ә” сыныбында “Әдепті бала – сүйкімді” атты ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушылар әдептілік пен сыйластықтың маңызын түсініп қана қоймай, түрлі қызықты тапсырмалар орындап, рөлдік ойындар арқылы өмірлік жағдайларды сахналады. 🎭
Жағдаяттық театр барысында балалар өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, сыпайылық таныту және үлкендерді құрметтеу дағдыларын меңгерді.
💡 Ізгілік пен тәрбиелілік – әр баланың бойында болуы тиіс асыл қасиеттер. Осындай сабақтар мейірімді, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруға үлкен үлес қосады! ✨
Сынып жеткішісі: Балтабекова А.Т.
