Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 56
«Жеңіс рухы – жүректе!» сурет байқауы 🇰🇿🎨
20
апрель
2026
«Жеңіс рухы – жүректе!» сурет байқауы 🇰🇿🎨
«Жеңіс рухы – жүректе!» сурет байқауы 🇰🇿🎨 Әуезов ауданы бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Жеңіс рухы – жүректе!» атты сурет байқауы өтті. Байқаудың аудандық кезеңіне 17 мектеп қатысып, оқушылар өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. 👧🧒 Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінді: Кіші жас тобы – 13 оқушы Орта жас тобы – 22 оқушы Байқаудың басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тарихқа құрметпен
Жайдарман ойындары.
04
март
2026
Жайдарман ойындары.
Жастардың шығармашылығын дамыту – тапқырлық, актерлік шеберлік, сахна мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдағы мәселелерді әзіл арқылы жеткізу – кейбір маңызды тақырыптарды күлкі арқылы ой салу. Достық пен бірлікті нығайту – түрлі өңірдің жастары бір сахнада өнер көрсетіп, араласады. Көрерменге көңіл көтеру – адамдардың көңілін көтеріп, күнделікті өмірдегі уайымды азайту. Болашаққа позитивпен қарауға үйрету – қиындықтарды да әзілмен қабылдай білу мақсатында  мектеп-гимназиямызда 8-9 сыныптары
Қоғамдық - гуманитарлық пәндер онкүндігі.
09
февраль
2026
Қоғамдық - гуманитарлық пәндер онкүндігі.
М.Мақатаевтың 95 жылдығына орай "Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай" атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Адамның сәби кезінен бастап қарттығына дейін жырлап өткен ақын өлеңдерінің құндылығына сүйене отырып композиция жасалды. "Сенің көзің", "Жалаң аяқ қыз", "Мен деп ойла", "Есіңе мені алғайсың", "Отыздан асып барамын", "Отан" әндері шырқалып, "Арыз жазып кетейін", "Ұнатамын мен сені", "Өз-өзіңді жақсы көр", "Шеше, сен бақыттысың" поэзиялары оқылып, "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы сахналанды.
Мектепішілік "Жігіт сұлтаны" сайысы.
06
февраль
2026
Мектепішілік "Жігіт сұлтаны" сайысы.
А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиямызда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ер азаматтың ел алдындағы парызын, батырлық рухын, жауапкершілігін дәріптеу мақсатында "Ел қорғаған - ер жігіт" тақырыбында мектепшілік жігіт сұлтаны сайысы өткізілді.  
Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы
19
январь
2026
Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы
Бастауыш – шуақты білімнің шаңырағы ☀️ Бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндігі – жүрекке жылу сыйлаған ерекше күндермен басталды. Кеше мектебіміз таңғы сәттен-ақ мүлде басқа күйге енді. Оқушылар мен ұстаздар аэропорт стиліндегі қарсы алуда білімге бағыт алған үлкен сапардың жолаушысындай әсер алды ✈️ Түсте осы әсерлі бастама әуез бен өнерге толы концертпен жалғасын тапты. Балалардың өнері – балалықтың шынайы үні, ұстаздардың қолдауы – шуақты шаңырақтың берік тірегі екенін тағы бір мәрте
Ата-аналар жиналысы.
15
январь
2026
Ата-аналар жиналысы.
Ата-аналарға баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын түсіндіру, онлайн ортада кездесетін қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру және балаларды цифрлық кеңістікте дұрыс, жауапты әрі қауіпсіз әрекет етуге бағыттау мақсатында мектеп-гимназиямызда №3-і жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.    
Әліппемен қоштасу кеші.
22
декабрь
2025
Әліппемен қоштасу кеші.
 А. Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияда 22.12.2025ж "Рақмет саған Әліппем" тақырыбында әліппемен қоштасу кеші өтті. Бұл кеш – оқушылардың алғашқы оқу жетістігін атап өтетін, өте әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор мереке. Кеш барысында бірінші сынып оқушылары әліппемен қоштасып, әріп танып, оқи алғандарын өлең, тақпақ, ән, көріністер арқылы көрсетеді.  Кеш әдетте шаттыққа, қуанышқа толы, балалардың өнерін паш ететін, ата-аналар үшін де ерекше толғанысты сәт болады. Бұл – баланың мектеп өміріндегі
«Қош бол, сүйікті Әліппе»
22
декабрь
2025
«Қош бол, сүйікті Әліппе»
22.12.2025ж. күні мектеп-гимназиямызда «Қош бол, сүйікті Әліппе» тақырыбында, оқушыларды алғашқы оқулығы — Әліппемен қоштасу сәтінің маңызын түсіндіру, білім жолындағы алғашқы қадамын бағалау, өзін-өзі еркін ұстау, сахналық мәдениет, шығармашылық қабілеттерін дамыту , ұ стазға, ата-анаға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында әліппемен қоштасу кеші ұйымдастырылды.      
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15
декабрь
2025
“Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы”
15.12.2025ж күні мектеп-гиназиямызда 16-Желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің тарихи маңызын түсіндіру, елдің азаттық жолындағы күресін таныту, туған елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында  “Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы” атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар қатысты.