Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Цифрлы болашаққа серпіліс-жаһандық дағдылардың жаңа көкжиегі" атты аудандық семинар
25
февраль
2025

"Цифрлы болашаққа серпіліс-жаһандық дағдылардың жаңа көкжиегі" атты аудандық семинар

25.02.2025ж күні А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында "Цифрлы болашаққа серпіліс-жаһандық дағдылардың жаңа көкжиегі" атты Әуезов аудандық мектеп басшыларына арналған семинар өтілді. Семинардың ашылу салтанаты "Самғау" ансамблінің орындауындағы хормен басталды,мектеп-гимназия директоры Е.Н.Қуатбеков семинарда кіріспе сөз сөйлеп,семинар қатысушыларға сәттілік тіледі. Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруда заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы жаһандық өзгерістерге бейімделу және озық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында, Сингапур тәжірибесінен "Оқу процесіндегі маркетинг" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Мухамет А, "STEM/STEAM жобалары арқылы оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік дағдыларын дамыту" физика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Талхат А, Сингапурдағы тағлымдама: "Ағылшын тілін жетілдірудің шығармашыл жолдары" ағылшын тілі пәні мұғалімі, педегог-модератор Батырханова А, "Мұғалімнің цифрлық құзіреттілігі: онлайн ресурстарды сабақта қолдану" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-модератор Асанова Д, "Драма-қазақ әдебиетін тиімді оқытудың эксперименттік-педагогикалық құралы"  қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, педагог-сарапшы Орысбаева Н  осындай тақырыптарда ой бөлісіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ән көңілдің ажары дегендей, "Жалын"тобының жетекшісі педагог-зерттеуші Болатұлы Нұрсұлтан орындауында және "Самғау" вокалдық ансамблі көтеріңкі көңіл- күй сыйлады.

  Семинарға қатысушылар ризашылықтарын білдіріп,шығармашылық табыстар тіледі.

Жас келсе іске дегендей,болашағынан мол үміт күттіретін жас мамандардың асар асуы, шығар биігі әлі алда екені даусыз. Бүгінгі семинар соның бастауы болмақ! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: