8-11 сынып оқушыларының арасында кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тренингтер мен дәрістер жүргізілді.
19-20 Наурыз күндері 8-11 сынып оқушыларының арасында кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тренингтер мен дәрістер жүргізілді.
Тренингтер барысында әртүрлі тақырыптар талқыланып, жасөспірімдер арасында психологиялық қауіпсіздік, өзін-өзі бағалау және өзара қолдау көрсету дағдылары жайында маңызды ақпарат берілді. Психологтар аутодеструктивті мінез-құлық пен буллингтің алдын алу жолдары туралы кеңес беріп, қатысушыларды бір-біріне агрессия көрсетпеуге және қиын жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретті.
Мақсаты:Іс-шараның мақсаты – 8-11 сынып оқушыларының арасында кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың, буллингтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ жастардың психологиялық денсаулығын нығайту, өзара құрмет пен түсіністікке негізделген әлеуметтік орта қалыптастыру.