Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ұстаз -ұлы тұлға" мәнерлеп оқу байқауы
18
октябрь
2023
"Ұстаз -ұлы тұлға" мәнерлеп оқу байқауы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «АЛМАТЫ ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ұйымдастыруымен ұстаздар күніне орай өткен "Менің ұстазым" байқауының "Ұстаз -ұлы тұлға" атты тақырыпта оқушылардың "авторлық шығармаларын мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша 5 сынып оқушысы Асылбек Аяулым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. ЖЕТЕКШІСІ: АСАНОВА ДИАНА МАРАТОВНА   
Математика және физика пәні мұғалімдерінің VI қалалық шығармашылық байқауы
04
октябрь
2023
Математика және физика пәні мұғалімдерінің VI қалалық шығармашылық
Алматы қаласы математика және физика пәні мұғалімдерінің VI қалалық шығармашылық байқауында Шәріп Бексұлтан III дәрежелі дипломымен марапатталды.  
“Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам” инновациялық идеялардың республикалық байқауының қалалық кезеңі
22
сентябрь
2023
“Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам” инновациялық идеялардың
2023 жылдын 20 қыркүйек күні «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау жане қолдау жөніндегі орталығында 10-17 жас аралығындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен “Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам” инновациялық идеялардың республикалық байқауының қалалық кезеңіне 8”Ә” сынып оқушысы Анетқызы Асыл қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.  Ғылыми жетекшісі робототехника үйірме жетекшісі Құттыбай Нұржігіт.  
"Алматы БалаFest"   қалалық конкурсы
02
июнь
2023
"Алматы БалаFest" қалалық конкурсы
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған “Алматы БалаFest” қалалық байқауының вокал номинациясы бойынша 11”А” сынып оқушысы Сәбит Назерке 3 орын иеленді. Жетекшісі вокал үйірме жетекшісі Н. Машербаев. “Кітап білім бұлағы” бағытының поэтикалық батл номинациясы бойынша Сыдыкова Аяулым ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталынды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Т.Рахымжанова. Жеңістеріңіз құтты болсын!  
"GIBRAT" театры
12
май
2023
"GIBRAT" театры
   Мектебіміздің драма және мәнерлеп оқу үйірмесінің "GIBRAT" театры О.Әубәкіров "Чемпион" комедиялық қойылымын қойды.Қойылым соңынан дәстүрлі "GIBRAT-2023" салтанатты марапаттауы өтті. Дарынды оқушыларды танымал театр және кино актері,"Сержан братан" телесериялының басты кейіпкері Дулыға Ақмолда келіп, мараппаттады. Оқушыларға жылы лебізін, жүрек жарды тілектерін арнап, батасын берді.    
Республикалық ғылыми жоба 2023
10
апрель
2023
Республикалық ғылыми жоба 2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына техника секциясы бойынша 11-сынып оқушылары ШАЙХ АСХАТ пен СЕРІК БАТЫРХАН қатысып, ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.   
“Каникулы-off-line 3” киносына түскен Есен Нұрлыбек
20
март
2023
“Каникулы-off-line 3” киносына түскен Есен Нұрлыбек
Мектеп-гимназиямыздың мақтанышы 4”д” сынып оқушысы Есен Нұрлыбек “Каникулы-off-line 3” киносына түсіп, өзінің актерлік шеберлігін шыңдау үстінде. Қазіргі таңда бұл кино барлық кинотеатрлардан көрсетілуде. Актер ретіндегі алғашқы туындың үлкен экранға жол тартыпты. Сәттілік тілейміз, әрдайым жолың ашық болсын! Бұл сенің тек бастамаң деп білеміз! Өнерің өрге жүзсін! Жарайсың!