Іс-шаралар » Страница 15 » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 15
"Мен оқыған бір кітап" буктрейлер сайысы
20
ноябрь
2021
"Мен оқыған бір кітап" буктрейлер сайысы
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігі аясында 10-сыныптар арасында "Мен оқыған бір кітап" тақырыбында буктрейлер сайысы өтті. Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз оқушыларға кітап сыйға тартылды.                   
А.Байтұрсынов мұражайына саяхат
18
ноябрь
2021
А.Байтұрсынов мұражайына саяхат
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер онкүндігінің аясында оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін, бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді дамыту, дарыту мақсатында мектепішілік А.Байтұрсынұлы мұражайына 6-сынып оқушылары саяхат жасады. Мұражай меңгерушісі Ғ.Джаксыбаева оқушыларға А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына,  мұражай туралы түсінік берді.       
"Тәртіпке бағынған құл болмайды"  ұлдар жиналысы
28
сентябрь
2021
"Тәртіпке бағынған құл болмайды" ұлдар жиналысы
"Тәртіпке бас иген құл болмайды" тақырыбында 5-11 сынып аралығында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыста ұлдардың тәртібі, сыртқы келбеті, қоғамдық ортада өзін ұстауы, сабаққа қатысулары, сабаққа кешігу, ақша жинау, әлімжеттік және бопсалау, "Есірткісіз көше" жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.      
"Менің жазғы демалысым" тақырыбында сурет көрмесі
14
сентябрь
2021
"Менің жазғы демалысым" тақырыбында сурет көрмесі
"Менің жазғы демалысым" тақырыбында 5-сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.   
Көктем Аруы-2021
08
май
2021
Көктем Аруы-2021
"Ақылына көркі сай" атты "Көктем аруы-2021" байқауы 8-10 сынып қыздар арасында онлайн форматта өтті. Бас жүлдені 9 "Б" сынып оқушысы Сәбит Назерке жеңіп алды.