Іс-шаралар » Страница 16 » 139 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(727) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 16
"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы аясында оқушылар арасында өткен "Ең көп кітап оқитын сынып" байқауы.
30
март
2021
"Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы аясында оқушылар арасында өткен
 А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда "Оқуға құштар мектеп" бағдарламасы аясында 2-10 сыныптардың қатысуымен "Ең көп кітап оқитын сынып" байқауы өтті. Бастауыш сыныптар арасында Ы.Алтынсаринның "Данышпан қазы", "Надандық", 5-сыныптар арасында "Алтын Айдар", "Дүниеде жамандық неден?" әңгімелері талқыланып, қорытындысы шығарылды. Оқушылар байқауға белсене қатысты.   
"Ұят туралы аңыз" шығармасы бойынша ашық алаң.
09
март
2021
"Ұят туралы аңыз" шығармасы бойынша ашық алаң.
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Т.Рахымжанова мен Ә.Мухаметтің жетекшілігімен мұғалімдер арасында онлайн форматта Марал Ысқақбайдың "Ұят туралы аңыз" шығармасы бойынша ашық алаң өткізілді. Шығарманы толық оқыған, шығарма бойынша өз ойларын ортаға салып, талдауға белсене қатысқан мұғалімдер А.Балтабекова, М.Ақылбаева сыйлықтармен марапатталды.                   
№139 мектеп-гимназияда "Nur Otan" партиясының құрылған күніне орай партия мүшелерін марапаттау іс-шарасы өтті. 01.03.2021ж
02
март
2021
№139 мектеп-гимназияда "Nur Otan" партиясының құрылған күніне орай
А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясында 01.03.2021ж. күні "Nur Otan" партиясы мүшелерін марапаттау іс-шарасы өтті. Сондай-ақ мереке күні жетекші партияның қатары жаңа жалынды жастар мүшелерімен толықты. Осыған орай жаңа қабылданған партия мүшелеріне партия билеттері табысталды.                      
"Жаңа күн -жаңа Қазақсан" айтыс
19
октябрь
2023
"Жаңа күн -жаңа Қазақсан" айтыс
“4 тоқсанға төрт іс-шара”жобасы аясында айтыс өнерін насихаттау мақсатында “Жаңа күн-Жаңа Қазақстан” тақырыбында 10 сынып оқушылары арасында қыз бен жігіт айтысы өтті. #1Тоқсан #АҚЫНДАРАЙТЫСЫ  
Кәсіптік бағдар беру
01
октябрь
2023
Кәсіптік бағдар беру
2023 жылдың 16 қыркүйегінде біздің талантты түлектер шетелде білім алу мүмкіндіктерін зерттеу үшін ғажайып көрмеге аттанды. Олар түрік университеттерінің алуан түрлілігіне және олардың ұсынып отырған барлық артықшылыктарына тәнті болды. Көрмеде оқушылар түрлі институттардың өкілдерімен танысып, кәсіби бағдарламалық салалар туралы оқып, халықаралық  студенттерге арналған гранттар мен стипендиялар туралы білді. 
"Алматы - әсем қала" тақырыбындағы мерекелік іс-шара
17
сентябрь
2023
"Алматы - әсем қала" тақырыбындағы мерекелік іс-шара
Алматы күніне орай қаланың кешегісі мен бүгіні, мың жасаған шахардың тарихына үңіле отырып, жарқын болашағына инновациялық - индустриялық өндіріс жобаларына, даму бағыттарын талдап, таразылауға бейімдеу, о қушыларға Алматы қаласының тарихы жайында түсінік беру, ө з елін, жерін сүйетін, өз елінің азаматы ретінде қаланың дамып, өркендеуіне үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу мақсатында "Алматы-әсем қала" тақырыбында мерекелік кеш өтті.