Алматы қаласы Білім басқармасының "№139 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3024233
Директор:
+7(727) 3023863
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 03.03.2025
🌟 Алғыс айту – жүректен… 🌟
03
март
2025
🌟 Алғыс айту – жүректен… 🌟
🌟 Алғыс айту – жүректен… 🌟 2 “Б” сыныбында ерекше бір жылулыққа толы тәрбие сағаты өтті. “Алғыс айту – парызым” тақырыбында оқушылар шынайы ризашылық білдірудің маңызын түсініп, жүректен шыққан алғыстарын жеткізді. Балалардың әрбір сөзі мен жүрекжарды тілектері – рақмет сөзінің қандай үлкен қуатқа ие екенін тағы бір дәлелдеді. Жақсылыққа жақсылықпен жауап беру, жанымызда жүрген жандарға алғыс айту – ең асыл қасиеттердің бірі екенін кішкентай бүлдіршіндер ерекше сезінді. Сынып жетекшісі:
📚 Семинар: «Сабақтағы тиімді кері байланыс – мұғалім жетістігі» 🎯
03
март
2025
📚 Семинар: «Сабақтағы тиімді кері байланыс – мұғалім жетістігі» 🎯
Жас мамандарға арналған маңызды семинар өтті. Бастауыш сынып мұғалімі Балтабекова Айым Танатқызы өткізген бұл семинарда мұғалімдер тиімді кері байланыстың оқушы жетістігіне әсерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. 📖✨ Практикалық тапсырмалар арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, кәсіби даму жолында тағы бір қадам жасады. 📸 Жас мамандарға алдағы уақытта шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!  
🌸 Әлемдегі ең аяулы жан… 🌸 атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты
03
март
2025
🌸 Әлемдегі ең аяулы жан… 🌸 атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты
Біз бүгін жүрекке жылы, сезімге толы ерекше сәттерді бастан өткердік… Аналар мен балалардың бір-біріне деген шынайы сүйіспеншілігі, жүрекжарды хаттары мен әсерлі қойылымдары жиналған әр жанның көңілін толқытты. Көзден тамған жас – бұл тек сезімнің, махаббаттың, аналық мейірімнің көрінісі… 🧑‍🧒Ана мен бала арасындағы байланыс – ең асыл, ең мәңгілік құндылық. Бұл кеш соны тағы бір дәлелдеді. Әрбір сөз, әрбір құшақтасу, әрбір жүрек үні бізге өмірдегі ең басты нәрсенің – ана махаббатының шексіздігі