«Алаш идеясы – ұлттық идеяның темірқазығы» атты қалалық байқау
Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндері педагогтері арасында өткен қалалық «Алаш идеясы – ұлттық идеяның темірқазығы» атты байқауда мектебіміздің ұстаздары Қырғызбай Ақзат пен Озатбек Ертай жүлделі III орын иеленді. Бұл жетістік – ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің нәтижесі. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз! 🌸